Lifestyle

Еуроодақ Ресейге Xbox пен PlayStation ойын консолдерін импорттауға тыйым салмақ

Еуроодақ Ресейге PlayStation импорттауға тыйым салмақ / фото: shutterstock

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар аясында Xbox пен PlayStation ойын консолдерін жеткізуге тыйым салуды ұсынады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Financial Times басылымына берген мәлімдемесінде айтты.

Каллас Ресейде бұл ойын приставкаларының бөлшектері дрондарды басқару мақсатында қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жаңа санкциялар тізіміне белгілі химиялық заттарды жеткізуге тыйым салу және Ресейден сұйытылған табиғи газды импорттауға шектеулер енгізу де қарастырылып отыр.

Еуропалық Одақ бұл шектеулерді 22 ақпанда күшіне енгізуді жоспарлап отыр. Xbox, PlayStation және Nintendo сынды ірі консоль өндірушілері Ресейге сатылымды бұған дейін тоқтатқан болатын. Соған қарамастан, бұл өнімдер Ресейге параллель импорт арқылы жеткізіліп келген.

Бұған дейін Еуроодақ 16 санкциялар пакетінде Ресейдің алюминийі мен сұйытылған мұнай газына тыйым салуды көздеп отырғаны туралы жазған едік.