2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевайтты.
«Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұдан бөлек, Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет», – деді президент.
Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салуға 2,4 трлн теңге бөлінетіні айтылған. Жоба аясында 2024 жылы 217 білім ошағы пайдалануға берілуі керек болған. Ал 2025 жылы тағы 152 ғимараттың құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Жалпы жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салынуға тиіс.