Екінші АЭС Курчатовта салынуы мүмкін. Бұл мәселе Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде айтылды.
«Курчатов қаласының ғылыми қалашыққа айналуға бар мүмкіндіктері бар. Қалада ядролық технологиялар паркі жұмыс істейді. Жалпы қаламыз зиялылар қаласы саналады. Қала халқы қаланың ғылыми қалашыққа айналуына асыға күітп жүр. Оның үстіне Курчатов АЭС салу үшін ыңғайлы аймақ ретінде танылып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бір емес, бірнеше АЭС болатынын хабарлады. Президенттің бұл шешімін халық оң қарсы алды. Өңір халқы екінші АЭС-тің осы қалада салынуын құптайды», – деді Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қараша айында Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Абай облысының Курчатов қаласында салуды ұсынған болатын.
Депутат Курчатов қаласын атом энергетикасын дамытуға қолайлы жер екенін айтты.