Жаңалықтар

«Ақырзаман сағатының» тілі тағы да алға жылжыды

2025 жылы «Ақырзаман сағатының» тілі «ядролық түн жарымына» дейін небәрі 89 секунд қалғанын көрсетіп тұр/фото: Анна Манимейкер/ Getty images

Атом саласының ғалымдар «Ақырзаман сағатын» алға жылжытты. Қазір сағат тілі 89 секунд қалғанын көрсетіп тұр. Бұған қарағанда, адамзат бұрын-соңды ғаламдық апатқа бұлай жақындамаған.

New York Post-тың жазуынша, 2025 жылы «Ақырзаман сағатының» тілі «ядролық түн жарымына» дейін небәрі 89 секунд қалғанын көрсетіп тұр.

Бұл жаңалық Қауіпсіздік кеңесі және құрамына тоғыз Нобель сыйлығының лауреаты кірген Ұйымның демеушілер кеңесімен талқыланып, содан кейін ғана жарияланыпты.

«Әр секунд ғаламдық апаттың ықтималдылығын арттыра түседі», – деп мәлімдеген төраға Дэниел Хольц.

Былтыр «Ақырзаман сағаты» алға жылжытылып, түн жарымына дейін 90 секунд қалғанын көрсеткен еді. 2025 жылғы уақытты анықтау кезінде көп ғаламдық қауіп-қатер ескеріліпті. Соның ішінде ядролық қару мен жасанды интеллект те бар. Бұдан бөлек, Ресей мен Украина арасындағы, Израиль мен Хамас, Израиль мен Хезболла арасындағы соғыс, биологиялық қатер мен климат дағдарысы да есепке алынған.

Айта кететін жайт, «Ақырзаман сағаты» – Чикаго университетінің «атомшы-ғалымдардың бюллетені» деп аталатын журналының жобасы. Мұны америкалық атом бомбасын жасаушылар 1947 жылы қолға алған. «Түн жарымы» халықаралық жағдайдың ушығып, ядролық апатқа ұласатынын көрсетеді.