Екінші АЭС салу үшін референдум өткізілмейді

Жарияланды (жаңартылды )
Франция АЭС
Курчатов қаласының екінші АЭС салуға қолайлы алаңның бірі /коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Екінші АЭС салу үшін референдум өткізудің қажеті жоқ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Премьер-Министр орынбасары Серік Жұманғарин өткізген баспасөз конференциясында осындай мәлімдеме жасады.

«Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Заңнамаға сәйкес, бұл станса, Үкіметтің шешімі бойынша салынады», – деді министр.

Сәтқалиевтің пікірінше, екінші АЭС салынатын орынды таңдауда бірнеше фактор ескеріледі. Мәселен, энергия теңгерімінің болжамы, электр қуатын тұтыну орталықтарына жақындығы, электр желілерін даму дәрежесі және тағысын тағылар.

Десе де, ол Курчатов қаласының екінші АЭС салуға қолайлы алаңның бірі екенін атап өтті.

АЭС салуға технология жеткізуші әлі анықталған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын салуға халықаралық консорциум ат салысуы қажет екенін мәлімдеген. Алмасадам Сәтқалиев АЭС салуға таңдалған төрт вендордың төртеуі де қатысуы мүмкін екенін атады.

Мұның алдында Президент Үкіметке екінші АЭС салуға тапсырма берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз