ОПЕК+ Трамптың мұнай бағасын түсіру туралы ұсынысын елеусіз қалдырмақ – Reuters

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media архивінен

ОПЕК+ АҚШ президенті Дональд Трамптың мұнай бағасын түсіру туралы ұсынысын елеусіз қалдыруды жөн көріп отыр.

Reuters-тың жазуынша, Сауд Арабиясы және ОПЕК+тің өзге де елдері мұнай өндірісін арттырудың ағымдағы жоспарын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Аталған ұйымға мүше елдердің министрлері өзара кездесу өткізіп, 3 ақпанға жоспарлаған отырыстың күн тәртібі өзгеріссіз қалатынын растаған.

Давоста өткен Әлемдік экономикалық форум кезінде Трамп Сауд Арабия мен мұнай экспорттаушы – елдердің ұйымынан мұнай бағасын түсіруді сұрайтынын мәлімдеген еді.

«Баға төмендесе, Ресей мен Украина арасындағы соғыс дереу тоқтайды. Қазір баға жоғары. Соғыстың жалғасуына жол ашады. Сіздер соғысты тоқтата аласыздар», – деген еді АҚШ президенті.

Сонымен қатар Дональд Трамп 100 күннің ішінде Ресей мен Ресей арасындағы жанжалды тоқтатуға бұйрық беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз