Алматы облысында АЭС салу бойынша келіссөздер жақын арада аяқталады

Жарияланды
АЭС Алматы
АЭС салу бойынша келіссөздер жақын арада аяқталады / Фото: shutterstock

Жақын арада Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша қажетті келіссөздер жүргізілмек. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады.

«Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын», – деді ол

Бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда салынатын АЭС-тің вендоры маусым айында анықталуы мүмкін деген. Оның айтуынша, вендор компаниялар келіссөз жүргізіп жатыр.

«АЭС вендорларына қоятын сұрақтардың тізімі анықталды. Қазір олар өз пікірлерін білдіріп жатыр, Бірінші жартыжылдықтың соңында бұл жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдын ала қорытындылар жарияланатын болады», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз