Трамп Америка көгіне «Темір күмбез» орнатпақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп ел әскеріне қатысты жаңа бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес Израильдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі тәрізді Америкада да «Темір күмбез» орнатылады. Бұл туралы NBC News жазады.
«Біз америкалықтарды қорғайтын зымыранға қарсы қорғаныс қалқаны «Темір күмбездің» құрылысына тез арада кірісуіміз қажет», – деп мәлімдеді Ақ үй жетекшісі.
Трамптың түсіндіруінше, қазір АҚШ-қа тек ядорлық қарудың қаупі төніп тұрған жоқ. «Баллистикалық, қанатты және гипердыбысты зымырандар тарапынан» да қорқыныш бар екенін ескеру керек.
Қауіптің алдын алады деген қорғаныс қалқанының көлемі 3 800 000 шақырым мильге дейін созылады. Ол Израильдегі қорғаныс жүйесінен (8 630 шақырым миль) әлдеқайда үлкен болмақ. Бірақ көптеген америкалық сарапшылар мұндай «Темір күмбез» тым қымбатқа түседі деп отыр.
Қорғаныс қалқаны жайлы Трамп сайлау алдындағы уәдесінде айтқан еді. Оның сөзінше, жүйе толығымен АҚШ-та жасалады, оның ішінде темір рудасын өндіруде көшбасшы Миннесота штатына үміт артып отыр.
«Темір күмбез» – 50-200 шақырымға дейін алысқа ұша алатын тактикалық зымырандардан қорғануға арналған жүйе. Оны 2000 жылдары Израильдің Rafael атты компаниясы жасап шығарды. Жүйенің бір батареясы 1,5 мың шақырымға дейінгі аумақты қорғай алады.
Трамптың қорғаныс саласына қатысты тағы бір бұйрығы – енді трансгендерлерге әскери қызмет атқаруға тыйым салынуы. Бұған дейін 2021 жылы Джо Байден әкімшілігі рұқсат берген еді. Бірақ Трамп ол шешімнің күшін жойды. Сондай-ақ әскери күштердегі көптүрлілік, теңқұқықтық бағдарламаларын алып тастамақшы.