Жаңалықтар

Биометрикалық сәйкестендіру бойынша пилоттық жоба жыл соңына дейін созылды

биометрикалық сәйкестендіру
Электронды шот-фактура алу кезінде биометрикалық сәйкестендіру жүреді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Электронды шот-фактура алу кезінде биометрикалық сәйкестендіру жүргізу бойынша пилоттық жоба 2025 жылдың соңына дейін созылды. Қаржы министрлігі 2025 жылдың 20 қаңтарында осындай бұйрық шығарды.

«Қазақстан Республикасы аумағында электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінде сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп-айырысу жүргізілмес үшін салық төлеушілерге көмек мақсатында пилоттық жоба 2023 жылдың 31 наурызы мен 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығына дейін жүзеге асырылады», – деп жазылған құжатта.

Бұл жоба аясында, азамат қаржы ұйымынан электронды құжат алатын кезде бір рет биометрикалық сәйкестендіруден өтеді, одан кейін сол тәулік ішінде шексіз шот-фактура ала берсе болады.

Бірақ биометрикалық сәйкестендіру бір айда тек үш рет қана жасалуы керек. Ал оның нәтижесі арнайы құжатқа жазылады. Мамандар түсіндіруінше, бұл азаматтарды алаяқтардың заңсыз несие рәсімдеп қоюынан сақтауы керек.

Бұған дейін енді қазақстандықтар құжаттардың цифрлық нұсқасын электронды түрде пайдалана алатыны жайлы жазған едік.