Boeing ұшағы Каспий теңізінің үстінде апаттық белгі беріп, Астраханьға қонды
Ресейлік «Победа» әуе компаниясының ұшағы Каспий теңізінің үстінде апаттық жағдай белгісін беріп, алайда сәтті қонды. Ақпарат Mash telegram арнасында жарияланды.
Мән-жайы
Дубайдан Мәскеуге бағыт алған DP992 рейсі биіктігін жоғалта бастағаны байқалған.
Дабыл жұйесіне байлынысты ұшақ Астрахань әуежайына қонған. Ұшақ қонғаннан кейін, өрт дабылы қате іске қосылғаны белгілі болды.
«Интерфакс» дабыл жүксалғыш аймағындағы өртке қарсы құрал іске қосылып кеткеннен кейін, ойнағанын жазды.
Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Ұшақтарға қатысты соңғы жайттар
2025 жылғы 26 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Орал – Астана бағыты бойынша ұшағы Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан. Air Astana компаниясы ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқу байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонғанын мәлімдеді.
Оның алдында, Ақтау маңындағы азербайжандық ұшақ апатының алдын ала себебі осы аптада айтылатыны хабарланған.