Футболдан ұлттық құраманы қазақстандық Әли Әлиев жаттықтырады – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: KazFootball.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Әли Әлиев жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы Prosports.kz порталы жазды.

44 жастағы маман жақында ғана Петропавлдың «Қызылжар» командасынан кеткен болатын. Бұған дейін ол «Жеңіс», «Шахтер» және «Астана» жастар командасын жаттықтырған.

Әлиевтің дайындауымен 2023 жылы «Қызылжар» премьер-лигада бесінші орынға ие болып, Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнады. Команда алғашқы іріктеу кезеңінде Хорватияның «Осиек» командасын жарыс жолынан шығарған еді.

Осыған дейін ұлттық құраманы жаттықтырып келген ресейлік маман Станислав Черчесов 27 қаңтар күні қызметінен кеткен.

Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында алған болатын. Оның басшылығымен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, Норвегия құрамасымен тең түскен және турнир кестесінде 1 ұпай жинаған.

Сондай-ақ оқыңыз