20 сәуірден бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясына Үндістанға жаңа рейс ашады. Алматы-Мумбай бағыты бойынша рейс тұрақты түрде жүргізілетін болады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, рейс аптасына үш рет жүргізіледі. Бұл бағытта Airbus типті әуе кемелері ұшады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы жолаушылар рейсінің санын аптасына 21 рейске дейін арттырады.
Себебі қазірдің өзінде әуе компаниясы екі ел арасында төрт бағыт бойынша ұшып келген:
- Алматы-Дели (Air Astana және IndiGo – аптасына 7 рейс);
- Алматы-Гоа (SCAT – аптасына 2 рейс);
- Астана-Гоа (Fly Arystan – аптасына 2 рейс).
Ведомство әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланысты нығайтуға және туризмді дамытуға бағытталған шара екенін атап өтті.
Айта кетейік, 20 қаңтарда Көлік министрлігі Қазақстаннан Вьетнамға, Қытайға және Мысырға қосымша рейстер ашылатынын хабарлаған.