Атырауда мемлекеттік кірістер комитеті шенеунігінің жарақат алуына байланысты тергеу басталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Атырауда шенеуніктің жарақат алуына байланысты іс тергеледі
Атырауда төбелес кезінде шенеуніктің жарақат алуына байланысты іс тергеледі / Фото: ӨКҚ, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби Бақытжановтың денсаулығына зиян келуіне қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Ақпаратты KursivMedia тілшісіне Бас көлік прокуратурасы растады.

Не болды?

«Атырау облысының полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық мән-жайларды, оның ішінде оқиғаа прокуратура қызметкерлерінің қатысуын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізеді», – делінген хабарламада.

Тағы кімнің қатысы бар?

Ақпаратқа сүйенсек, іске Көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысы болуы мүмкін. ҚазТаг басылымы Бақытжановтың дене жарақатын алып, комаға түскені туралы ақпарат таратқан. Басылымның жазуынша, ол төбелес кезінде жарақат алған болуы мүмкін. Агенттік төбелеске прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев пен Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбековтің де қатысуы мүмкін екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз