Интерпол іздеу салған қазақстандық Бішкекте ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Интерпол іздеу салған қазақстандық Бішкекте ұсталды / Фото: shutterstock

Интерпол халықаралық іздеу салған Қазақстан азаматы Қырғызстан астанасы Бішкекте ұсталды. Бұл туралы көрші елдің Ішкі істер министрлігі хабарлаған.

24kg басылымының ақпаратына сүйенсек, 1985 жылы туған А.Д. есімді Қазақстан азаматы лауазымды тұлғаға пара берді деп айыпталған. Айыпты Қазақстандағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тағып, халықаралық іздеу салған.

Қырғызстан ІІМ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың желтоқсанымен 2023 жылдың қарашасына арасында күдікті логистикалық компанияның иесі ретінде шетелге тауар тасымалдау жолын ұйымдастырған. Осы мақсатта кедендік рәсімдерді айналып өту үшін кеден қызметкерлерімен сөз байласып, оларға 16 мың 500 доллар көлемінде пара берген.

Фото: Қырғызстан ІІМ

Қазіргі таңда күдікті азамат Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер бөлімінің тергеу изоляторына жеткізілді. 

Осыған дейін Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің бірінен ондаған миллион ұрлады деп күдікке ілінген 35 жастағы азаматтың Швецияда ұсталғаны белгілі болған

Сондай-ақ оқыңыз