Lifestyle

Қырғызстанда тауға шығатын туристерден ақы алу ұсынылды

Қырғызстанда тауға шығатын туристерден ақы алу ұсынылды
Қырғызстанда тауға шығатын туристерден ақы алу ұсынылды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің депутаты Эмиль Тоқташев «Туризм және туристік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеген. Ол жаңа заңға енгізген ұсыныстар қатарында туристерден тауға шыққаны үшін ақы алуда ұсынған. 

«Маңызды аспектілердің бірі – туристік қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау. Заң жобасы қызмет көрсету сапасын жақсартуға, шағымдар қабылдауға, туристердің құқықтарын бұзған ұйымдарды жауапқа тартуды көздейді», – деп келтірген депутаттың сөзін 24kg басылымы.

Заңға «пермит» анықтамасы енгізіледі. Яғни Қырғызстан тауларына шыққаны үшін туристерден ақы алу ұсынылады. Пермиттің мөлшері маршрут түріне, ұзақтығына, орналасқан жеріне байланысты анықталады.

Пермит деген не? Оның шарттары қандай?

Пермит – шетелдік азаматтарға арналған рұқсат. Ол жабық аймақтарға еркін бару мүмкіндігін береді.

Халықаралық тәжірибеде пермит алу үшін бірнеше шартты орындау қажет.:

  • туристік топтағы адамдардың саны бестен кем, он бестен көп болмауы қажет;
  • барлық туристер бір елдің азаматы болуы қажет;
  • пермитті алуға үшін алдын ала 10 күн бұрын өтініш беру қажет, құжат ағылшын тілінде рәсімделуі тиіс;
  • пермиттің бағасы саяхаттың ұзақтығына байланысты.

Депутаттың пайымдауынша, құжатты іске асыру қосымша инвестициялар тартуға, елдің халықаралық имиджін жақсартуға және жаһандық туристік нарықта бәсекеге қабілеттіболуға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, қазақстандықтар көрші елге жиі саяхаттап барады. Мәселен, 2024 жылы Қырғызстан отандастарымыз саяхаттап барған елдердің үздік ондығына кірген.