Ресейлік соттың Google компаниясына салған айыппұлы 1,8 дуодециллионнан асты

Жарияланды 29 Қаңтар 2025 10:21

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
скорость
Ресейдің Google-ге салған айыппұлы 1,8 дуодециллионнан асты / Фото: shutterstock

2020 жылдан бастап YouTube аккаунттары бұғаттала бастаған ресейлік телеарналар Google компаниясының үстінен Ресей сотына арызданған. Сот бекіткен айыппұлдың көлемі күн санап артады. 2025 жылдың қаңтар айында сома 1,8 дуодециллион рубльден асқан. Дуодециллион – 39 нөлі бар сан.

РБК жазуынша, егер Google ресейлік телеарналар талабын орындауға келіссе, шешімнің басқа жолын іздеуге тура келеді. Себебі бұл соманы төлеу мүмкін емес. Айфппұл сомасы әлемдік жалпы ішкі өнімнен әлдеқайда көп.

Ресей соты 2020 жылы Google-ге тиесілі Youtube видео хостингінен өшірілген «Царград» пен «РИА ФАН» арналарының шағымын қарап бастаған. 2021 жылы сот телеарналардың дәлелдерімен келісіп, Google-ді арналардың хостингтегі каналдарын қайтарып беруді міндеттеді. Корпорация шешімді тоғыз ай ішінде орындауы қажет болған. Алайда белгіленген мерзімде шешім орындалмағандықтан, сот бұғатталған күннен бастап әр күнге 100 мың рубль айыппұл тағайындады. 

Өз кезегінде Google компаниясы Англия сотына жүгініп, өз дәлелдерін келтірген. Бұл елдің соты ресейлік телеарналарға Google-ді сотқа беруге тыйым салды.

2022 жылы Ресей Украина басып кіргеннен кейін, видео хостингте бұғатталған ресейлік арналар саны артты. Қазіргі жағдай боайынша 17 БАҚ өкілі Google-ді сотқа берген. Сот алдыңғы шешімді қайта қабылдап, корпорацияны осы арналарға да айыппұл төлеуге міндеттеген.

2024 жылдың 29 қазанында бұл сома 2 ундециллион рубль болған. Бұл сол кездегі рекордтық айыппұл саналған. Айыппұлдың қазіргі көлемі ол саннан 1000 есе артық.

Сондай-ақ оқыңыз