Қазақстан ресейліктерді жұмысқа шақыру бойынша ең белсенді елдер тізіміне енді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2024 жылы Қазақстанға 150 мың ресейлік жұмысқа келген / фото: shutterstock,

2024 жылы Қазақстанға 150 мың ресейлік жұмысқа келген. Бұл HeadHunter сервисінің зерттеу нәтижелерінен белгілі болды.

HeadHunter мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы Ресей азаматтарына шетелдік жұмыс берушілерден түскен шақыртулар саны 33,6%-ға өсіп, 769 мыңға жетті.

Ең көп шақырту жіберген елдер қатарында Беларусь (22%), Қазақстан (20%), Грузия (9%), Түркия (9%) және Өзбекстан (7%) бар. 2023 жылмен салыстырғанда көшбасшылар өзгерді: Қазақстан бірінші орыннан сырғып, Беларуське берсе, Түркия бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Қытай мен Сербия ресейліктерге жаңа бағыт

Ресей мамандарына сұраныс ең көп өскен ел – Қытай. 2023 жылы бұл елден 4,8 мың шақырту түссе, 2024 жылы олардың саны 27,6 мыңға жетіп, 6 есе артты.

Сербияда да ресейліктерге сұраныс күрт өсіп, 356,3%-ға артты (5,8 мыңнан 26,3 мыңға дейін). Сонымен қатар Түркия (188,6%), Кипр (160,9%), Польша (119,6%) және БАӘ (117,2%) де жұмыс күшін тартуды күшейтті.

Ал кейбір елдер ресейлік мамандарды шақыруды азайтқан. Әзербайжан (38%), Армения (24%), Грузия (20%) және Қазақстан (11%) шақырту санын қысқартты.

Қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Шетелдік жұмыс берушілер үшін ең қажетті мамандар қатарында:

  • Сату және клиенттермен жұмыс менеджерлері – 13%
  • IT мамандар – 10%
  • Call-орталық операторлары – 5%
  • Дизайнерлер, маркетинг мамандары, интернет-маркетологтар – 4%
  • Мұғалімдер, SMM-менеджерлер, контент-менеджерлер – 3%
  • Хатшылар, көмекшілер, техникалық қолдау мамандары – 2%

Жалақы деңгейі

2024 жылы шетелдік жұмыс орындарына ұсынылған медианалық жалақы – 51,7 мың рубль (250 мың теңге) болды. Алайда кейбір жоғары білікті мамандарға бірнеше есе көп жалақы ұсынылды:

  • DevOps-инженерлері – 1 200 000 теңге.
  • Әзірлеу тобының басшылары – 1 000 000 теңге.
  • Data Scientist мамандары – 930 000 теңге.
  • Қаржы директорлары – 780 000 теңге.
  • Ақпараттық технологиялар директорлары – 700 000 теңге.
  • Генеральды және атқарушы директорлар – 700 000 теңге.

Ал ең көп сұранысқа ие сату менеджерлерінің жалақысы орташа есеппен 350 мың теңгені құрады.

2024 жылы Ресей азаматтарын шетелдік жұмысқа тарту үрдісі айтарлықтай күшейді. Беларусь пен Қазақстан – ресейліктер үшін ең белсенді жұмыс нарықтарының бірі болып қала берсе, Қытай мен Сербия сұранысты күрт арттырды. Жоғары білікті IT және басқарушы мамандарға айтарлықтай жоғары жалақы ұсынылғанымен, жалпы медианалық жалақы 250 мың теңге деңгейінде сақталды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы маусым айында айырбастаушылар 8,6 млрд теңгеге ресейлік валютаны сатып алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз