Наурыз айы – Қазақстанда ең көп демалыс күндері болатын айлардың бірі. Бұл айда екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 нaурыз) және Нaурыз мейрамы (21-23 нaурыз) тойланады. Осы мерекелерге байланысты демалыс күндері ауыстырылып, қазақстандықтар қосымша демалысқа ие болады.
8 нaурыз – Халықаралық әйелдер күні
8 нaурыз сенбіге түсетіндіктен, заң бойынша демалыс күні 10 нaурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үш күн (8, 9, 10 нaурыз) демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 нaурыз (сенбі) және жексенбі екі күн демалады.
Нaурыз мейрамы – 21, 22, 23 наурыз
2025 жылы Нaурыз мейрамы жұма, сенбі және жексенбі күндеріне түседі, сондықтан қосымша демалыс күндері 24 және 25 нaурызға (дүйсенбі, сейсенбі) ауыстырылады.
- Бес күндік жұмыс аптасы барлар 21-25 нaурыз аралығында (бес күн қатарынан) демалады.
- Алты күндік жұмыс аптасындағылар 21-24 нaурыз аралығында (төрт күн қатарынан) демалады.
2025 жылдың нaурыз айы қазақстандықтар үшін ерекше ұзақ демалыстармен қуантады. Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін бұл ай жалпы 8 демалыс күнін қамтыса, алты күндік жұмыс істейтіндер үшін 6 күн демалыс беріледі.
Cонымен қатар 2025 жылғы Ораза Наурыз айымен тұспа-тұс келіп отыр. ҚМДБ мәліметінше, Рамазан айы наурыздың 1-29 аралығына түсіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылғы болатын мерекелік күндермен, демалыстарды жазған едік.