АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтардың жағдайы не болмақ

Жарияланды 29 Қаңтар 2025 13:25

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
АҚШ-та ресми тіркелген 25 мың қазақстандық азамат бар / фото: shutterstock

Қазақстанның Америка Құрама штаттарындағы консулдық есебінде шамамен 25 мың қазақстандық азамат тіркелген. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді.

Қазақстан СІМ орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, қазіргі уақытта AҚШ-тағы қазақстандықтар бойынша заңсыз көші-қон мәселесі туралы нақты мәлімет жоқ.

Қазақстан елшілігі жағдайды бақылауда ұстайды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі бұл мәселені жіті назарда ұстап отыр.

«Біз, елшілік, жағдайды бақылауда ұстаймыз. Жуырда Қазақстан азаматтарына ресми ескерту жасалды. АҚШ-тың көші-қон заңнамасы күшейтіліп жатқанын ескере отырып, біздің азаматтарымызға мұқият болу қажеттілігі туралы хабарланды», – деді Бақаев.

АҚШ-тағы қазақстандықтар мен заң бұзушылықтар

Ведомство өкілінің айтуынша, бұған дейін Қазақстан азаматтарының виза тәртібін бұзу оқиғалары тіркелген.

«Бұл қалыпты жағдай. Турист ретінде келген кейбір азаматтар виза мерзімін есептемей, оны асырып жіберуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайларды шешудің арнайы құқықтық тетіктері бар», – деді Бақаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанның AҚШ-тағы елшілігі миграциялық заңнамадағы өзгерістерге байланысты азаматтарды ескерткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз