Әуе керосин қымбаттағаннан кейін, баға өзгерісін бақылау үшін арнайы комиссия құрылады
Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев әуе компаниясының билеттері бағасына қатысты пікір білдіре алмаймыз дейді. Бұл туралы брифинг барысында журналистерге берген жауабында айтты.
«Біздің құзыретіміз әуе керосинін көтерме бағамен сату немесе оны Ресей Федерациясынан операторларға импорттау деген жерде аяқталады. Қазір әуекеросинді сатып алушылар – әуежай иелері. Ары қарай қандай бағада сатады, оны айта алмаймыз», – деді ол.
Сәтқалиевтің сөзінше, отын бағасы өскеннен кейін, арнайы комиссия құрылады. Оған Энергетика министрлігі, антимонополиялық орган және Көлік министрлігінің өкілдері енеді. Сол комиссия арқылы «тізбекті баға белгілеу анықталады».
Әуе керосин бағасының көтеруіне қатысты бұған дейін Тоқаев та пікір білдірген. Ол әуежайлардағы отын бағасы «өте қымбат» екенін айтып, оның төмендетуді тапсырды.
Бұдан бөлек елде жанармай бағасы да қымбаттады. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бензин бағасы алдағы бірнеше күнде 5 теңгеге дейін өсуі мүмкін.