Қаржы министрлігі қаңтар айында ғана нарықтан үш рет қарыз алды

Жарияланды
Қаржы министрлігі нарыққа құнды қағаздарын шығарды / Фото: shutterstock

Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасына 13,92% жылдық мөлшерлемемен 35,0 млн ұзақмерзімді қазынашылық мінддетемелерін шығарды. Қарызды жабу мерзімі 8,6 жыл деп көрсетілген.

Нарықтағы сауда нәтижесінде ведомство 31,1 млрд теңге қаржы тартты. Биржаға орналастырылған құнды қағаздардың 11,4%-ын банктер, 88,6%-ын басқа құрылымдық инвесторлар сатып алған.

Осы айда ведомство үшінші рет нарыққа қазынашылық міндеттемелерін шығарып отыр. Бұған дейін Қаржы министрлігі 2 рет қазынашалық міндеттемелерін орналастырып, 46,5 млрд теңге қарыз тартқан еді.

Жалпы биыл ведомство нарыққа 48 рет бағалы қағаздар орналастырып, 6,9 трлн теңге қаржы тартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз