2024 жылы табысты болуға көмектескен 5 инвестициялық идея
Қаржы нарығында күн сайын жаңа мүмкіндіктер туындайды. Табысты инвестиция жасау үшін оларды дер кезінде байқап, дұрыс шешім қабылдау маңызды. 2024 жылы Freedom Broker талдаушылары инвесторлардың кірісін арттыруға көмектескен бірталай инвестициялық идеяларды ұсынды.
Солардың ішінен бес үздік ұсыныстан тұратын іріктеме келтірілген. Бұл компаниялар жасанды интеллект, криптовалюта, спутниктік байланыс және кванттық есептеулер сияқты салаларда инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, қарқынды өсім көрсетті. Олардың жетістіктері өткен жылдың табысты инвестициялар көрсеткіші ғана болып қоймай, болашақта тиімді қаржы салуға бағыт-бағдар бола алады.
AppLovin Corp (APP) – өсім 713%
2024 жылдың көшбасшысы болған Applovin акциялары жеті есеге қымбаттады. Оған бірнеше негізгі фактор ықпал етті:
- Жарнамалық технологиялардағы инновациялар. Компания жасанды интеллектті пайдаланып, жарнамалық кампанияларды оңтайландырудың жаңа әдістерін енгізді. Жаңа алгоритмдер пайдаланушылардың әрекетін дәлірек талдап, жарнаманың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл технология мобильді қосымшалар мен ойын индустриясындағы ірі клиенттерді тартуға көмектесіп, нәтижесінде Applovin нарықтағы орнын күшейтті.
- Мобильді ойындар нарығының өсуі. Applovin жаһандық ойын индустриясының қарқынды дамуын тиімді пайдалана білді. Жаңа ойындарды әзірлеу және жетекші ойын жасаушылармен әріптестік орнату пайдаланушылардың жарнамамен өзара әрекеттесу уақытын ұлғайтып, жарнамалық табыстың рекордтық өсіміне алып келді.
- Халықаралық экспансия. 2024 жылы компания Азия мен Латын Америкасы елдеріне белсенді түрде кеңейіп, мобильді интернет пайдаланушыларының өсімін пайдаланды. Бұл табысты арттырып, клиенттер санын әртараптандыруға мүмкіндік берді.
- Операциялық тиімділік. Applovin басшылығы бизнес-процестерді оңтайландырып, шығындарды қысқартып, операциялық пайданы арттырды. Осының арқасында компания индустриядағы бәсекелестіктің артуы аясында жоғары рентабельділікті сақтай алды.
- Инвесторлардың сенімі. Компанияның стратегиялық мақсаттарға жетуі мен өсу әлеуеті институционалдық инвесторлардың қызығушылығын арттырды. Бұл өз кезегінде акция бағасының тұрақты өсуіне ықпал етті.
MicroStrategy Inc (MSTR) – өсім 359%
MicroStrategy криптоиндустриямен тығыз байланыстағы беделін келесі аспектілердің арқасында растады:
- Биткоин бағасының өсуі. 2024 жылы биткоин құны айтарлықтай қымбаттап, бұл MicroStrategy активтерінің құндылығын арттырды. Компания нарықтың өсуі аясында криптовалютадағы резервтерді қарқынды өсіруді жалғастырды. Бұл компанияның теңгерімін нығайтып, инвесторлар тарапынан қызығушылық тудырды.
- Институционалдық тану. Бірқатар елде криптовалюта реттеуінің тұрақтануы компанияға жаңа институционалдық инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Бұл MicroStrategy-дің дәстүрлі бизнес шешімдері мен цифрлық активтерге инвестиция салу стратегиясына деген сенімді күшейтті.
- Ұсынысты кеңейту. Компания блокчейн шешімдерімен интеграцияланған жаңа талдамалық өнімдерді ұсына бастады. Бұл MicroStrategy-ге нарықтың жаңа сегменттеріне шығуға және клиенттік базасын кеңейтуге мүмкіндік берді.
- Қаржылық орнықтылық. Биткоин сатып алуға кететін шығындарға қарамастан, MicroStrategy негізгі өнімдерінен түсетін табысын арттыру мен шығындарды оңтайландыру арқылы тұрақты қаржылық көрсеткіштерін сақтап қалды. Бұл акция бағасының өсуіне ықпал етті.
- Тұрақты даму стратегиясы. Басқару жүйесінің айқындығы мен цифрлық активтерге бағытталған ұзақ мерзімді стратегия компанияға криптовалюта нарығындағы құбылмалы жағдайға қарамастан, өз позициясын сақтауға мүмкіндік берді.
AST SpaceMobile, Inc. (ASTS) – өсім 250%
2024 жылы AST SpaceMobile жерсеріктік байланыс технологияларын дамытуға айтарлықтай үлес қосты:
- Технологияларды сәтті тестілеу. Компания жерсеріктік байланыстың жоғары сапалы жұмыс істейтінін дәлелдейтін сынақтарын сәтті аяқтады. Бұл ірі телекоммуникациялық операторлардың қызығушылығын тудырды.
- Ірі серіктестіктер. AST SpaceMobile 2024 жылы Verizon және Vodafone секілді әлемдік байланыс операторларымен стратегиялық келісімдер жасап, компанияның болашақ кеңеюіне және шалғайдағы аймақтарға байланыс орнатуға негіз қалады.
- Жерсеріктік инфрақұрылымды кеңейту. Компания орбитаға қосымша жерсеріктерді ұшырып, байланыс аясын кеңейтіп, қосылу құнын төмендетті. Бұл AST SpaceMobile-ға нарықта бәсекелік артықшылық берді.
- Мемлекеттік қолдау. Үкімет тарапынан көрсетілген субсидиялар мен ғарыштық агенттіктермен жасалған келісімдер жаңа технологияларды әзірлеу қарқынын жеделдетуге және нарықтағы позициясын нығайтуға көмектесті.
- Жаһандық байланыстың перспективалары. Әлемнің шалғай өңірлерін интернетпен қамтамасыз ету жобасы халықаралық инвесторлардың қызығушылығын тудырып, компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына деген сенімін нығайтты.
IonQ, Inc. (IONQ) – өсім 237%
Кванттық есептеулер саласындағы жетекші компания IonQ 2024 жылы тұрақты өсімді мынадай факторлардың арқасында көрсетті:
- Серпінді технологиялар. 2024 жылы компания есептеудің өнімділігін едәуір арттырған кванттық компьютерлердің жаңа буынын ұсынды. Бұл IonQ-тің нарық көшбасшысы ретіндегі позициясын нығайтты.
- Ірі келісімшарттар. Компания NASA және Microsoft-пен келісімшарттарды қоса алғанда, технология және мемлекеттік басқару салаларында негізгі ойыншылармен шарттар жасасты. Бұл жобалар тұрақты кіріс ағынын қалыптастырды және IonQ клиенттердің сеніміне ие болды.
- Қолдану аясын кеңейту. Кванттық есептеулер фармацевтика, логистика және қаржы сияқты жаңа салаларда қолданылуын тапты. Бұл нарықты кеңейтіп, компания шешімдеріне сұранысты арттырды.
- Зерттеулер мен әзірлемелерге фокус. IonQ R&D шығындарын ұлғайтты. Бұл жаңа технологияларды енгізуді жеделдетуге және бәсекелестерден бір қадам алда болуға мүмкіндік берді.
- Инвесторлық қолдау. Венчурлік қорлар мен стратегиялық инвесторлар тарапынан кванттық есептеулерге қызығушылықтың өсуі компанияның капиталдандырылуын ұлғайтуға ықпал етті.
Robinhood Markets, Inc. (HOOD) – өсім 192%
Robinhood компаниясы келесі маңызды сәттердің арқасында акциялардың тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, қаржылық қызметтер нарығын трансформациялауды жалғастырды:
- Өнімдер желісін кеңейту. Компания криптовалюта саудасы мен жасанды интеллектке инвестиция жасау мүмкіндіктерін қосып, пайдаланушылардың қызығушылығын арттырды және сауда көлемін ұлғайтты.
- Клиенттік базаның өсуі 2024 жылы Robinhood жастарға бағытталған маркетинг стратегиясы мен жаңартылған платформа арқылы миллиондаған жаңа пайдаланушыларды тартты.
- Пайдаланушылық тәжірибенің жақсаруы. Білім беру бағдарламалары мен ыңғайлы интерфейс клиенттердің адалдығын арттырып, олардың белсенділігін күшейтті.
- Қаржылық тұрақтылық. Негізгі қаржылық көрсеткіштердің, соның ішінде кіріс пен табыстылықтың өсуі инвесторлардың компанияға деген сенімін нығайтты.
- Серіктестік бағдарламалар. Кешбэк жүйесі мен несие өнімдері секілді жаңа қызметтерді қосу арқылы платформа клиенттер үшін тартымды бола түсті.
Freedom Broker сарапшыларының бағалауынша, ұсынылған компаниялар 2024 жылғы табысты инвестициялардың жарқын үлгісіне айналып, акциялар құнының 192%-дан 713%-ға дейін өскенін көрсетті. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан қор нарығындағы 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық 5 компания акциясын атаған.
Нарықтық өзгерістерге талдау жасай отырып, сарапшылар салымдардың өсуіне ықпал ететін ұсынымдар дайындады. Алайда сарапшылар дұрыс шешім қабылдау үшін өткен нәтижелерді ғана емес, сондай-ақ қазіргі жағдайға әсер ететін кең ауқымды факторларды да ескеру қажеттігін айтады.