ФРЖ басшысының криптовалюта туралы пікірінен кейін биткоин бағасы шарықтай түсті

Жарияланды
Биткоин бағасы тағы көтерілді/Фото: kursiv.media архивінен

Биткоин бағасы шарықтады. Бұған Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл криптовалютаға қатысты пікір білдіргені түрткі болған.

АҚШ-та ФРЖ басшысы Джером Пауэллдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оған криптовалютаға қатысты да сұрақ қойылды.

«Криптовалютаға келер болсақ, банктер тәуекелдерді дұрыс басқарса, криптовалюта индустриясына қызмет көрсете алады деп есептейміз. Федералды резерв жүйесі инновацияларға қырын қарамайды», – деді Джером Пауэлл.

Оның пікірінше, криптовалюталарға қатысты қызметтер қауіпсіз әрі сенімді болуы керек.

Пауэллдің бұл мәлімдемесі АҚШ-тың криптовалютаға қатысты саясатының біршама жұмсарғанын көрсетеді.

ФРЖ басшысының пікірінен кейін биткоин бағасы 4%-ға өсіп, 104 300 долларға жетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін сарапшылар банктердің криптовалюта клиенттеріне қаржылық қызметтер көрсетуден бас тартқанын сынға алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз