TikTok Таиландта 3,8 млрд долларға деректер орталығын салады
TikTok Таиландта деректер орталығын салады. Asia Finance-тің хабарлауынша, Таиландтың Инвестициялар жөніндегі кеңесі (BOI) 29 қаңтар күні қытайлық TikTok компаниясының ел аумағында 127 млрд батқа (3,8 млрд доллар) деректер орталығын салу туралы ұсынысын мақұлдады.
Кеңес сондай-ақ чип жасайтын америкалық Nvidia компаниясының тайлық серіктесі Siam AI Corporation-ның жасанды интеллектіге негізделген қызметтер құру жобасын да мақұлдады. Бұл жобаның құны 3,25 млрд бат деп бағаланып отыр.
Технологиялық алыптар Таиландты сенімді және тұрақты электрмен жабдықтау жүйесі үшін таңдайды.
2023 жылы Amazon Web Services ел экономикасына 15 жыл ішінде 5 млрд доллар инвестиция құятынын мәлімдеді. Ал Google өткен жылы Чонбури провинциясында деректер орталығын салу үшін 1 млрд доллар салатынын хабарлаған-ды. Microsoft та Таиландта өңірлік деректер орталығын ашуды жоспарлап отыр.
19 қаңтарда бастап TikTok әлеуметтік желісі АҚШ аумағында ресми түрде бұғатталды. Кейін Трамп өзінің қызметіне кіріскеннен кейін, 90 күндік уақытша мерзім беретінін айтты.