Жаңалықтар

Кешігіп келген айыппұлды төлемесе бола ма: Алматы полициясы түсінік берді

Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы полициясы соңғы кездері әлеуметтік желілерде азаматтарға жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлға қатысты жұртшылықты жаңалыстыратын күмәнді кеңестер көбейіп кеткенін мәлімдеді.

Полиция осыған байланысты заңнамада көзделген сенімді механизмді басшылыққа алу керекетігін ескертті.

Заңда не делінген

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды ескіру мерзімі 2 айды құрайды.

«Автоматты есепке алу жүйелерімен әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым жіберілген кезден бастап іс қозғалған болып есептеледі» делінген полиция хабарламасында.

Осылайша, құқық бұзушы тиісті түрде хабардар етілсе, айыппұлды төлеу туралы ұйғарым міндетті түрде орындалуға тиіс.

«Шындыққа жанаспайды»

«Айыппұлды төлеу туралы ұйғарым бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде көлік құралының иесіне белгіленген үлгідегі түбіртекпен жіберілетіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын айта кету керек» дейді полициядағылар.

Оларлың сөзінше, кей азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 822-бабының талаптарын қате түсіндіріп жатыр.

Полиция сондай-ақ айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым жеткізілгеннен кейін жеті күннің ішінде оны 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болатынын еске салады.

Бұған дейін, мәжіліс депутаты Снежанна Имашева көлік тұрғындарға кедергі келтірмесе, тіпті 55 минутқа дейін қыздыра беруге болатынын айтқан.

Елде жол ережесіне байланысты айыппұлдардың мөлшері артып келеді. Бұл Қазақстанды көрші елдер арасында айыппұлы ең жоғары ел етеді.