Алматыда қар жауып, ауа райы бұзылды. Осының салдарынан рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы Эйр Астана әуекомпаниясы мәлім етті.
«Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласынан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын хабарлайды. Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Синоптиктер не дейді
«Қазгидромет» солтүстік-батыс циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде қар жауатынын айтып отыр.
«30-31 қаңтарда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.
«Қазгидромет» сайты Алматыда бүгін және ертең ауа райы жаңбырлы болатынын көрсетіп тұр.