«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» жаңа кен учакесінде уран барлау құқығын алды. Инкай-Мыңқұдық учаскесі Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран кен орнында орналасқан. Лицензия 6 жылға берілген. Оны 5 жылға ұзартуға болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы тек «Қазатомөнеркәсіпке» тиесілі. Инкай-Мыңқұдық учаскесінде Р1 және Р2 санатындағы 20 мың тоннадан аса уран бар деп болжанып отыр. Алдағы уақытта ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру көзделген.
Учаскенің әлеуеті зор, бұл оны ұзақ мерзімді пайдалану үшін перспективалы етеді», – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Жақында «Қазатомөнеркәсіп» алдағы 10 жылға арналған даму стратегиясын бекітті.