Жаңалықтар

Трамп Палестинаны қолдайтын акцияларға шыққан шетелдік студенттерді елдеріне қайтармақ

Трамп Палестинаны қолдайтын акцияларға шыққан шетелдік студенттерді елдеріне қайтармақ
Трамп Палестинаны қолдайтын акцияларға шыққан шетелдік студенттерді елдеріне қайтармақ / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі Палестинаны қолдайтын саяси акцияларға шыққан шетелдік студенттер мен азаматтарды елдеріне қайтару туралы жарлыққа қол қоюы мүмкін. «Антисемитизмге қарсы күрес туралы» жарлық аталатын құжат жайлы Reuters басылымы жазған.

Оқиғаның мән-жайы

АҚШ Әділет министрлігі «Террористік қатерлерге, вандализмге және американдық жебірейлерге қатысты зорлық-зомбылыққа» жол бермеу үшін «жедел «әрекет» жасауды көздеген. 

2023 жылдың 7 қазанында Хамас террористік тобының Израильге шабуылын жасаған. Осыдан кейін Таяу Шығыста қақтығыс өршіген. Оған қарсылық білдіріп, Палестинаны қолдаған азаматтар америкалық университет кампустары мен көшелерде қарсылық білдірген. Жаңа жоба осы азаматтарға қатысты қаралатын болады.

«Елде тұратын және жиһадты қолдайтын наразылықтарға қатысқан барлық шетелдіктерге ескертеміз. 2025 жылы сіздерді жер аударамыз. Осындай радикализмді қолдаған азаматтардың студенттік визаларының күшін жоямын», – деп келтіреді Трамп жарлығының мәтінін Reuters басылымы.

Изриаль-Хамас қақтығысы

Таяу Шығыстағы жағдай 2023 жылдың 7 қазанында Палестинадағы Хамас ұйымы Израиль аумағына басып кіріп, 1 200 адамды өлтіріп, 250 жуық адамды кепілге алып, Газа аймағына алып кетті. Израиль Хамасқа соғыс жариялап, бомбалау мен жердегі операциялардан кейін Палестинада 47 000 адам қайтыс болып, 111 000 адам жараланған.

2025 жылдың қаңтар айында тараптар оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол қойып, тұтқындармен алмасу процессін бастады.