![Wildberries компаниясының жаңа иесі американдық SpaceX акционері болған](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/01/sulejman-kerimovt-deputat-gosdumy-1024x576.png)
Миллиардер Сүлеймен Керімов траст қорлары арқылы америкалық миллиардер Илок Масктің SpaceX компаниясының үлесіне ие болған. Бұған Керімовтің АҚШ санкцияларына ілінгені де кедергі болмаған. Ол Ресейлік Дума депутаты әрі Wildberries компаниясының жаңа иесі.
Оқиғаның мән-жайы
Bloomberg басылымының ақпаратына сүйенсек, Керімов 2017 жылдан бастап Делаверде тіркелген Heritage Trust қоры арқылы SpaceX үлесіне ие болған. Бастапқыда бұл қор компанияның акцияларының 1%-на ие болды.
АҚШ Қаржы министрлігі Керімовті Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдағаны үшін санкция тізіміне енгізген. Санкцияның мақсаты Керімовтің активтерін бұғаттау және оның америкалық компаниялармен бизнес жүргізуіне жол бермеу болған.
2022 жылдың маусымында АҚШ Қаржы министрлігі Керімовтің америкалық активтерін (шамамен 1 млрд доллар қаржы) басқаратын қорды анықтап, оның жұмысын тоқтатқан. Басылым дереккөздерінің айтуынша, қор иелік еткен SpaceX активтерінің бір бөлігі қор жұмысын тоқтатқанға дейін сатылған.
Керімов деген кім?
58 жастағы Сүлеймен Керімов Ресейдің бай адамдарының бірі (Forbes тізімінде 17-орында). Bloomberg Billionaires Index әлемдік рейтингінде 282-ші орында, байлығы шамамен 9,9 млрд долларды құрайды.
Керімов Wildberries компаниясына байланысты дау кезінде танымал болды. Ол компания негізін қалаушы Татьяна Киммен (бұрын Бакальчук болған) келісімге келіп, Wildberries компаниясын «РВБ» корпорациясына қосып, оның иесіне айналған.