Lucent Petroleum Мұнайбай және Бақыт кен орындарынан мұнай мен газ конденсатын өндірмек

Жарияланды
Мұнайбай
Lucent Petroleum Мұнайбай кен орнын игереді / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Lucent Petroleum ЖШС Шығыс Мұнайбай кен орны мен Бақыт учаскесінде шикі мұнай газ конденсатын өндіруді көздеп отыр. Бұл туралы компания есебінде жазылған.

Компания екі кен орнында екі жыл қатарынан бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

«Шығыс Мұнайбай және Бақыт учаскелерінде перспективалық қабаттарды сынау, алынған сұйықтықтың сынамаларын алу және зерттеудің толық кешені жүргізіледі. Бұрғылау жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Мұнайбай кен орны Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан. Бұл кен орнынан жоспар бойынша тәулігіне 1,7 млн м3 газ конденсатын өндіру көзделген. Газ өндіру үшін компания бұл учаскеде арнайы нысандар мен инфрақұрылымының құрылысын жүргізеді. Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде газды сатылымға нарыққа жедел жеткізу үшін Бақыт учаскесінде жер үсті нысандары мен шикі газ құбырын салуға басымдық беріледі. Газды оранкөл газ өңдеу зауытына жеткізу көзделген. Одан ары қарай газ Опорная компрессорлық станциясы арқылы Орталық Азия – Орталық магистральдық газ құбыры жүйесіне жеткізіледі. Бұл жүйе арқылы газ N&VOG компаниясының паркіне жетеді. Өнім нарыққа теміржол арқылы цистерналарымен тасымалданады.

Екінші кезеңде Шығыс Мұнайбай учаскесінде газ бен шикі мұнай өндіріп, оны қайта өңдеу үшін арнайы қондырғылары орнатылады.

Компания Мұнайбай кен орнында мұнай өнімдерін өндірудің болжамды үш кезеңін қарастырып жатыр:

  • Біріншісі – 2024-2068 жылдар аралығы;
  • Екіншісі – 2024-2058 жылдар аралығы;
  • Үшіншісі – 2024-2053 жылдар аралығы;
  • Төртінші нұсқа – 2024-2061 жылдар аралығы.

Айта кетейік, Lucent Petroleum ЖШС құрылтайшысы Fortune Oil ЖШС. Ал ол компанияға Lucent Oil&Gas (Cyprus) Limited және Vision Energy Services ЖШС иелік етеді. Мұндағы Vision Energy Services компаниясы HТМ Vision Services B.V. компаниясына тиесілі.

Айта кетейік, Lucent Petroleum сонымен бірге Лебяжье кенішінен де мұнай өндіруді көздеп отыр. Компания бұл кеніштен  947,3 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз