Қолма-қол ақшаны ең көп пайдаланатындар – алматылықтар
Өткен жылы ел аумағында қолма-қол ақша шешіп алу бойынша 238,4 млн операция орындалған. Жалпы қазақстандықтар 25,4 трлн теңгені қолма-қол ақшамен алған. Оның 32%-в Алматы тұрғындарына тиесілі деп жазады Бірінші Кредиттік Бюро мамандары.
Ал екінші орында Астана, бас қаланың тұрғындары 2,6 трлн теңгені қолма-қол ақша түрінде пайдаланған. Дәл осындай көлем Шымкентте де тіркелген (2,1 трлн теңге).
Егер қолма-қол ақшаның көлемі емес, операция саны жағынан есептейтін болса да Алматы бірінші орында тұрады. Еліміздегі әрбір бесінші ақша шешіп алу операциясы Алматыда өтеді. Одан кейін Астана және Шымкент тұр.
Бір операцияның орташа сома көлемі бойынша да Алматы көш бастайды. Яғни орта есеппен әрбір алматылық 161 мың теңге шешіп алған. Екінші орында 121 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған астаналықтар тұр. Үшінші орында – Маңғыстау облысы (109 мың).
Өткен жылмен салыстырғанда елдегі қолма-қол ақшаны шешіп алу көлемі де аса қатты өзгермеген. Жылдан жылға өсім 11%-ды құрайды.
Осы жылдың басында Ұлттық Банк қолма-қол ақшаның пайдалануына қатысты зерттеуін жариялап, қолма-қол ақшаға сұраныс артты деп хабарлады. 2023 жылы сауалнамаға қатысқандардың 23,9 %-ы өз жинағын қолма-қол ақша түрінде сақтаса, 2024 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 38 %-ға дейін жеткен.