Тоқаев Вашингтондағы ұшақ апатына байланысты Трампқа көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы әуежайы маңындағы ұшақ апатына байланысты АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңындағы ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты», – деп жазылған хабарладама
29 қаңтар түнде 67 адамы болған жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлаған. Әуе көлігі Канзас штатындағы Вичита қаласынан Вашингтонға қарай ұшып келе жатқан еді. Жолаушылардың көбі мәнерлеп сырғанаудан АҚШ чемпионатынан қайтып келе жатқан спортшылар, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналары болған. Соңғы мәліметі бойынша, өзеннен 30 адамның мәйіті табылды.
Associated Press хабарлауынша,сол аймақта Колумбия округінің Митрополиттік полиция департаменті және АҚШ Қарулы күштерінің тікұшақтары ұшқан.