Жапониялық SoftBank ChatGPT-ге 25 млрд долларға дейін инвестиция салады

Жарияланды
SoftBank компаниясы ChatGPT-ге инвестиция салады / Фото:Reuters

Жапонияның SoftBank компаниясы ChatGPT атты ботты жасаған америкалық OpenAI стартабына 25 млрд долларға дейін инвестиция салады. Бұл туралы  CNBC жазады.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, егер SoftBank млрд долларлық инвестициясын жасаса, OpenAI-дың ең ірі қаржылай демеушісі болады.

«Келіссөздер жалғасып жатыр. SoftBank OpenAI-дың негізгі капиталына саламыз деген қаржысы нақты мақсат», – деді бұл туралы журналистерге айтқан дереккөз.

Бұған дейін де жапониялық компания америкалық стартапқа инвестиция жасаған еді, бірақ қаржы қазіргіден әлдеқайда аз болатын. Оған дейін Microsoft та ChatGPT-ге 13 млрд доллар инвестиция жасаған.

Осы жылы Дональд Трамп елдегі ЖИ-ді дамыту үшін Stargate атты жаңа компания құрылатынын хабарлады. Ол жобаны басқарушылар қатарында OpenAI және SortBank-те бар. Жапонияның техноалпауыты жаңа компанияға 15 млрд доллардан астам қаржы құюға дайын.

«Stargate үшін SoftBank және OpenAI жетекші серіктестер болады. SoftBank қаржылай жауапкершілік, ал OpenAI операциялық жауапкершілігін алады», – деп жазылған еді OpenAI компаниясының хабарламасында бұл жоба туралы

ChatGPT – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бот. Жұмысын бастаған екі жыл ішінде стартаптың құны 157 млрд долларға дейін жетті.

Американың ЖИ нарығындағы басты қарсыласы Қытай да бекер жатқан жоқ. Constellation Research компаниясының негізін қалаған Рэй Ванг Қытайдағы ЖИ-ді дамыту үшін 1 трлн юань немесе 138 млрд доллар жұмсайтынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз