Швеция Украинаға 1,2 млрд долларға әскери көмек жібереді

Жарияланды
АҚШ Украинаға ATACMS зымырандарын атуға рұқсат берді
Швеция Украинаға әскери көмек жібереді/ Фото: shutterstock

Швед билігі Киевке құны 1,2 млрд доллар болатын әскери көмек жіберуге келісті. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Пол Йонсон хабарлады.

«Бұл Швеция тарапынан Украинаға жіберілетін көмектің 18-пакеті. Және бұл 2022 жылдың ақпанынан бері Швециядан Украинаға жіберіліп жатқан ең үлкен көмек», – деді министр баспасөз жиынында.

Reuters агенттігінің жазуынша, Швецияның қорғаныс министрлігі Украинаға артиллерия мен өздігінен ұшатын аппараттар жіберу туралы жоспарын да айтқан. Әзірге бұл туралы Еуропадағы жеткізушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

2024 жылы Украинаның президенті Владимир Зеленский мен Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссон қауіпсіздік саласына қатысты он жылдық келісімге қол қойған еді.

Осы жылы қаңтарда Еуропалық одақ та қорғаныс үшін 35 млрд еуро көлемінде қаржылай көмек беретінін хабарлады. Украина үкіметінің мәліметінше, өткен жылы елге ең көп көмек берген ЕО болған. Ukraine Facility қоры аясында 16,6 млрд еуроға көмек жіберген.

Сондай-ақ оқыңыз