30 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичті қабылдады деп жазылған ведомство сайтында
Кездесуде екі жақ Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін талқылады.
» Тараптар бұл бағыттағы келіссөздерге дайындықты жалғастыруға қатысты берік ұстанымын растады» – дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Шенген визасын қазақстандықтарға жеңілдету туралы мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. 2017 жылдан бастап ЕО-ның барлық елінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Бірақ Еуропаға бару үшін қазақстандықтар күрделі процедурадан өтуі керек.
Өткен жылдың соңында Қазақстан СІМ вице-министрі Роман Василенко 2025 жылы виза мәселесі бойынша келіссөздер ресми түрде басталады деген сенім білдірген еді.
Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. СІМ мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қараша аралығында екі арадағы тауар айналымы 442 млрд долларға жеткен. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 180 млрд доллар еуропалық инвестиция салынған.