Ақтауда бір топ ер адам ұрлап, зорлық көрсеткеніне төзе алмай өзіне қол жұмсаған Алина Серікованың ісі бойынша апелляциялық сот процесі аяқталды. Бес сотталушының бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Lada.kz.
Сот үкімі
Сот үкімі бойынша басты айыпталушы Нұргелді Сейткалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Айыпкерлер Еркебұлан Аманқос 16 жылға, Аралбай Мерей, Жалғас Өсенғалиев және Дархан Құлбастар 13 жылға сотталды.
Сот марқұмның отбасына 19 миллион теңгеден астам материалдық шығын және 30 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.
Сот отырысына алғаш рет Алина Серікованың ата-анасы кіргізілді. Олар сот шешімі жарияланғаннан кейін көз жасын тыя алмады.
Істің мән-жайы
2025 жылдың қаңтарында «НеМолчи.kz» қоғамдық қоры оқиғаның мән-жайын жариялаған. Тергеу барысында марқұмға бес ер адам зорлық көрсетіп, азаптап, есірткіге мәжбүрлегені анықталған. Осыдан кейін фитнес-жаттықтырушы өзіне қол салған. Марқұм қазасының алдында болған жайтты құрбысына айтып кеткен.
Бұған дейін Таразда 12 жасар қызды зорлау бойынша іс сотқа жіберілген.