Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрандағы «Мағун» сүресін «мас күйінде рэп қылып оқыпған» «Жузефина» лақап атымен блогер Жұлдыз Жауынбаеваның әрекетіне байланысты мәлімдеме таратты.
ҚМДБ блогердің ісін шектен шыққандық деп танып, оны қатаң айыптады. Ал азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға шақырды.
«Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейді. Өйткені бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген» делінген мүфтият хабарламасында.
Бірер күн бұрын желіде блогер мерекелік кеште құран сөздерін рэп етіп оқыған видео тарап, қолданушылардың қызу талқысын тудырған. Ұзамай блогер әрекеті үшін көптің алдында кешірім сұраған.