Жаңалықтар

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы 2 есеге қымбаттайды

Фото: Gov.kz

Көлік министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысын қымбаттататын бұйрық жобасын жариялады.

Министрлік бұл пайдаланушыларды жол ақысын төлеуге ынталандыру үшін жасалып отырғанын жеткізді. Егер төлем жүріп өткеннен кейін 15 күн ішінде жасалса, жол ақысы 50%-ға қысқарады.

Жаңа тарифтер

Жол ақысы айлық есептік көрсеткішпен есептелген. 2025 жылғы АЭК мөлшері – 3932 теңге.

– Жеңіл автомобильдер үшін – 0,14 АЕК (500 тг);

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,16 АЕК (629 тг);

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,28 АЕК (1100  тг);

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,32 АЕК (1258 тг);

– Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – 0,4 АЕК (1572 тг);

– Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар автомобильдер үшін – 0,44 АЕК (1730 тг);

Сондай-ақ жолдың бойында орналасқан елдімекен тұрғындарына арналған абонементтік төлем құны да екі есеге өседі. Оны Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарының тұрғындары ала алады.

Бұған дейін Үлкен Алматы айналма жолына шығатын 5 радиалды автожолдың құрылысы қаржы тапшылығына байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлағанбыз.