Банк пен қаржы

Қазақстаннан шетелге аударылған ақша көлемі азайып барады

Фото: shutterstock

2024 жылдың желтоқсан айында ақша аударымдары жүйелері арқылы Қазақстанға 56,8 млрд теңге ақша аударылды. Ал Қазақстанға шетелден 19,5 млрд теңге жөнелтілген.

Желтоқсан айында ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстанға жіберілген қаражат көлемі қарашамен салыстырғанда 9,7%-ға, ал аударымдар саны 16,9%-ға өскен.

Қазақстанға Ресей мен Түркиядан көп ақша аударылған

Ұлттық банк мәліметінше, бір ай ішінде елге 63,2 мың транзакция жасалып, жалпы сомасы 19,5 млрд теңге ақша аударылған. Қазақстанға ақша негізінен Ресей мен АҚШ-тан аударылған. Ресейден жөнелтілген ақша 4,2 млрд теңгені құраса, АҚШ-тан 3,3 млрд теңге аударылған.

Түркиядан 1,9 млрд теңге келген. Сонымен қатар Өзбекстаннан аударылған ақша да осы соманы құрайды.

Қазақстаннан шетелге аударылған ақша азайып келеді

Қазақстаннан шетелге жасалған ақша аударымдарының көлемі екінші ай қатарынан төмендеп келеді. Желтоқсан айдында 6,3%-ға қысқарып, 56,8 млрд теңгені құрады. Дегенмен, бұл сома шетелден келген қаражат көлемінен үш есе артық.

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша Ресей, Түркия мен Өзбекстан көш бастап тұр. Ресейге елден бір айда 21 млрд теңге жіберілсе, Түркияға аударылған ақша сомасы 10,9 млрд теңгені құрайды. Өзбекстан да Түркияның өкшесін басып келеді: Қазақстаннан көрші елге 10,5 млрд теңге жөнелтілген.

Сондай-ақ, Грузияға – 3,7 млрд теңге, Қытайға 2,6 млрд. теңге аударылған.

ХААЖ арқылы аударылған қаржыны тең жартысы АҚШ валютасында жөнелтілген. 40 пайызы теңгенде жіберілген.