Freedom компаниясы Тәжікстанда цифрлық банк ашуды көздеп отыр. Жаңа қаржы ұйымы биыл көктемде жұмысын бастауы тиіс. Бұл туралы Freedom Holding Corp CEO-сы Тимур Турлов әлеуметтік желіде жазды.
» …Ол жерде біздің технологияларымызбен тамаша цифрлық бан құруға керемет мүмкіндік бар. Бүкіл сектордың жалпы активі – бар болғаны 2 млрд доллар! Қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі небәрі 20%-ды құрайды. Банк қызметтері қымбат. Ол жақта қазірдің өзінде мықты командамыз бар», – деп жазды Турлов.
Freedom Holding Corp. соңғы жылдары қаржы секторындағы белсенділігін арттып келеді. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқан компания енді Тәжікстанда да өз қызметін ұсынады.
Тәжікстан нарығына шығу
Freedom холдингі Тәжістан нарығына шығуға нетті екенін 2024 жылдың басында жариялаған. Былтыр сәуірде реттеуші Freedom Bank-тің Тәжікстанда еншілес ұйым ашуына рұқсат берді.
Ал қазан айында «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ Тәжікстандағы банктік қызметке лицензия алғанын мәлімдеді Freedom Bank Тәжікстанда мобайл қосымшасын дамытып, ел азаматтары үшін ыңғайлы сервис ұсынбақ.