Банк пен қаржы

Ресей 2026 жылы Еуразиялық одақ елдерін арзан интернетпен қамтамасыз етуге ниетті

Фото: kursiv.media

Ресей 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерін арзан және жылдам интернетпен қамтамасыз етпек. Бл туралы РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Digital Almaty 2025 форумында мәлімдеді.

.Мишустиннің айтуынша, 2026 жылға қарай Ресей ЕАЭО-ның бүкіл елдерін жылдам интернетпен қамтамасыз етеді.

Интернет желісі Арктика аймағын да қамтиды

Бұл ауқымды жобаның аясында Арктика аймағын да қамтитын интернет желісі құрылып, бүкіл Одақ елдері интернетке қосылады. Ол үшін Ресей 300-ге жуық ғарыш аппаратын ұшырмақ.

«Тағы бір жылдан соң төмен орбиталық спутниктер тобының негізі қаланады. Кейін жалпы саны 300-ге жуық аппарат жұмыс істейтін болады. Олар тек Ресейдің ғана емес, бүкіл Одақ елдерінің арзан, жылдам және сенімді интернетке деген сұранысын толық қамтамасыз етеді», – деді Михаил Мишустин.

Мишустин бұл жоспарды жүзеге асыру үшін ғарыштық байланыс жүйелеріне ғана емес, әлемдік цифрлық инфрақұрылымның 5 негізгі құрамдас бөлігіне негізделу қажет екенін атап өтті. Оған байланыс жүйелері мен олардың берілуі, өз өндірісіміздегі есептеу қуаттарында деректерді сақтау, бұлтты платформалар, алгоритмдер, тілдік модельдер мен нейрожелілер кіреді.