Lifestyle

Италияда қытайлық DeepSeek чат-боты бұғатталды

Италияда қытайлық DeepSeek чат-боты бұғатталды / Фото: shutterstock

Италиядағы App Store және Google Play онлайн дүкендерінен қытайлық DeepSeek чат-боты жоғалып кетті. Оны мемлекеттік орган бұғаттаған.

Мәселенің мәні

Елдің жеке деректерді қорғауға арналған органы шұғыл түрде чат-боттың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Қытайлық Hangzhou DeepSeek Artificial Intelligence және Beijing DeepSeek Artificial Intelligence компанияларына итальяндық пайдаланушылардың деректерін өңдеуді шектеуді бұйырды. Шектеу шаралары орындалмағандықтан, олардың жұмыстарын бұғаттады.

Итальяндық органның ақпаратына сүйенсек, Deep Seek жасанды интеллектінің адам әңгімелерін түсінуге және өңдеуге арналған жүйесі бар. Жақын арада шыға салып, оны жүктеу жедел артқан және ол автоматты түрде қолданушылар туралы ақпарат жинай бастаған.

«Итальяндық пайдаланушылардың деректерін қорғау үшін қабылданған шектеу шарасы осы мақсатты тоқтатуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Орган компаниялардың Италияда өкілдігі жоқ екенін және елдің заңдарын сақтамайтынын атап өткен. Бұдан бөлек, орган компанияға байланысты тергеу жұмыстарын да бастаған.

Айта кетейік, қытайлық жасанды интеллект іске қосылғаннан кейін оның адамдардың жеке деректерін жинап, деректерді таратып жібергені белгілі болды.