«ҚазМұнайГаз» Болгариядағы «Лукойл» мұнай өңдеу зауытын сатып алуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Энергетика министрлігі 8 мұнай-газ кен орнын аукционда сатты
«ҚазМұнайГаз» Болгариядағы «Лукойл» мұнай өңдеу зауытын сатып алуы мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Болгариядағы «Лукойл Нефтохим Бургас» мұнай өңдеу зауытын сатып алуға 7 үміткер қызығушылық білдірген. Олардың қатарында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» бен мажарстандық MOL компаниялары бар. Бұл туралы елдің премьер-министрі Розен Желязков айтты.

Мәселенің мәні

РБК басылымының жазуынша, ресейлік Лукойл компаниясына тиесілі зауытқа болгариялық компаниялар қызығушылық танытпаған. Ресейлік компания зауытты шамамен 2 млрд долларға бағалаған. Келіссөздер ақпан айының басында басталады деп күтілуде.

«Бұл ретте Болгария мемлекеті әлеуетті сатып алушылар тізімінде жоқ. Әрине қаржы болса, халықтың қолдауы болса, сатып алуға болар еді, – деді премьер.

Парламентте сөз сөйлеген премьерді депутаттар зауытты мемлекет қаржысына сатып алуға шақырған. Алайда парламенттегі басым партияның өкілдері бұл шешіммен келіспеген.

Не себепті сату керек?

2024 жылдың қаңтарынан бастап Болгарияда аталмыш зауытқа мұнай тасымалдауға тыйым салынған. Наурыздан бастап елге Ресей мұнайын кіргізуге толыққанды тыйым салынды. Ресейлік «Лукойл» компаниясы бастапқыда қарсылық көрсеткенімен кейіннен зауытты сатуға келісіп, бірқатар келісім жүргізе бастады.

«ҚазМұнайГазды» Болғариядағы зауытты сатып алуға «Лукойлдың» өзі шақырған. Қазақстандық компаниядан бөлек, мажарстандық MOL компаниясы да қызығушылық танытқан.

Сондай-ақ оқыңыз