Түркістанда 12 ғасырдан қалған «Ақбикеш» тарихи мұнарасы құлады

Жарияланды 31 Қаңтар 2025 13:07

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Түркістанда 12 ғасырдан қалған «Ақбикеш» тарихи мұнарасы құлады
Түркістанда 12 ғасырдан қалған «Ақбикеш» тарихи мұнарасы құлады / Фото: Фейсбук Жылбек Керімбек, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан «Ақбикеш» (немесе «Ақсүмбе») тарихи мұнарасы құлады. Бұл туралы әлеуметтік желіде Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Тәшенов жазды.

Мұнара «Ақсүмбе» ауылының маңында Қаратаудың етегінде орналасқан. Оны шамамен XII-XIII ғасырда Дешті-Қыпшақ тайпасы тұрғызған.

Ақынның жазуынша, мұнара Әмір Темір кезінде қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылған деген деректер бар.

Жылбек Керімбек есімді ұстаздың жазуынша, мұнараға Қазқайтажаңғыру мекемесі реставрация жүргізіп, ол тарихи ескерткіштер қатарында, мемлекет меншігінде болған.

«Қолда бар тарихи ескерткіштен айырылдық.  12-13 ғасырларда тұрғызылған «Ақбикеш» мұнарасы құлады. Дабыл қақтық, ешкім құлақ аспады. Жауын-шашын тимеу үшін төбесін жабу керек дедік. Олай істемеді, төбеден жауған жаңбыр, қар суы дуал-қабырғасына кеулеп кіріп, ескерткішті құлатты. Енді міне, ішіндегі ескерткіш дуалдары да қирады», – деп жазды ұстаз.

KursivMedia мұнараның құлауы себебі мен оны күтіп ұстауға қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз