Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиeв тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша Әли Әлиeвке тапсырды.
Әли Ханәліұлы 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. Футболшы ретінде:
- Қазақстанның бірнеше клубтарында, оның ішінде «Қайрат», «Тобыл», «Ертіс», «Ордабасы», «Қызылжар» командаларында ойнады.
- Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор», «Диарбакырспор» клубтарында өнер көрсетті.
- 1999 жылы Қазақстан жастар құрамасымен Нигериядағы әлем чемпионатына қатысты.
- 2002 жылы ұлттық құрама сапында алғашқы матчын Эстонияға қарсы өткізді.
Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» клубында ойыншы-бапкер ретінде бастады.
- 2018 жылы «Қызылжарды» Премьер-лигаға шығарды.
- 2021 жылы «Шахтер» (Қарағанды) клубын басқарды, кейін «Астана» жастар командасын жаттықтырды.
- 2022 жылы «Жеңісті» жаттықтырды, кейін қайтадан «Қызылжар» клубының бас бапкері болды.
- Еуропадағы жетістігі – «Қызылжарды» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жеткізді.
Сонымен қатар, Әли Әлиeвтің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды.
Нұрбол Жұмасқалиев – Қазақстан Премьер-лигасында ең көп матч өткізген ойыншы (526 ойын, 167 гол). 2001-2014 жылдары ұлттық құрамада ойнап, 58 матчқа қатысты. Қазір «Тобыл» клубының бас бапкері.
Елдос Ахметов – ұлттық құрамада 2012-2022 жылдар аралығында ойнады. 2024 жылы жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарды, кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қосылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері болып бірнеше рет дауға қалған Станислав Черчесов 27 қаңтар күні қызметінен босатылған еді.