
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта өнер көрсететін Асу Алмабаев EA Sports UFC 5 ойынының ойын кейіпкерлер қатарына енгізілді. Бұл туралы әзірлеушілер ойынның ресми сайтында хабарлады.
Асу Алмабаев ойында қолжетімді болуы үшін соңғы 1.19 нұсқасын орнату қажет. Осылайша, UFC 5-тағы екінші қазақстандық спортшы қосылды. Бұған дейін 2022 жылдың желтоқсанында ойынға алғаш болып Шавкат Рахмонов енгізілген еді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 1 наурыз күні октагонға шығады. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жекте ол бразилиялық Аллан Насиментомен күш сынасады.