Lifestyle

ChatGPT-дің қазақша нұсқасы Kaz LLM жасанды интеллекті қашан іске қосылады

Kaz LLM жасанды интеллекті қашан іске қосылады / фото: shutterstock

Қазақ тілін түсініп, сол тілде жауап бере алатын жасанды интеллект – Kаz LLM моделі жасалды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновациялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев Digital Almaty форумында мәлімдеді.

Kaz LLM-ның ерекшелігі неде?

Алғашқы қарағанда, Kаz LLM әлемге танымал ChatGPT секілді мәтінмен жұмыс істейтін қарапайым құралға ұқсайды. Пайдаланушылардың сұраныстарын өңдеп, жауаптар құрастырады және түрлі тапсырмаларды орындайды. Алайда, оның басты айырмашылығы – қазақ мәдениеті мен менталитетін терең түсінуінде.

Kаz LLM Қазақстан тарихы мен мәдениетіне жақсы бейімделген, отандық әдебиеттермен, ғылыми еңбектермен және заманауи ашық дереккөздердегі контенттер енгізілген. Бұл модельдің ұлттық ерекшеліктерге бейімделуіне мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Kаz LLM Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдеріне қолданылады. Жасанды интеллект осы тілдер арасында аударып, мәтіндерді түсініп, өңдей алады.

Қауіпсіздік – басты басымдық

Kаz LLM-нің басты артықшылығы – деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуы. Жасанды интеллект арқылы алынған ақпарат Қазақстан аумағынан тыс шықпайды. Бұл мемлекеттік органдар мен ірі компаниялар үшін өте маңызды, өйткені деректердің сыртқа кету қаупі жоғары болған жағдайда түрлі қауіптер туындауы мүмкін.

Kaz LLM қазір қай салаларда қолданылады?

Жаңа модельдің алғашқы тестілеуі басталып кетті. Kaz LLM негізінде:

  • Мемлекеттік порталдарға арналған дауыстық көмекшілер
  • Мәтіндерді аудару және талдау құралдары
  • Құжаттарды автоматтандыру жүйелері әзірленіп жатыр.

Министрліктің болжамынша, алдағы уақытта Kaz LLM денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев QAZ LLM жасанды интелекті 2024 жылы іске қосылатынын айтқан еді.