Алмас Кішкенбаев 17 жастағы жігітке тиіскені үшін Алматы қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
Журналистің мәліметінше, 30 қаңтар күні 2007 жылғы курьер жігітке кешкі 21.00 шамасында дүкеннен сыра әкелуге тапсырыс түскен. Тапсырысын жеткізген үйдің иесі кәмелетке толмаған жігітті бірге сыра ішуге шақырған.
«Сол сәтте 40 жастағы ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жерінен ұстап алуға тырысқан», – деп жазады журналист.
Бұл оқиғадан соң үйіне жеткен жігіт барлық мән-жайды әкесіне айтып берген. Ал әкесі құзырлы органдарға арыз жазып, полиция қызметкерлері ол азаматты бөлімшеге жеткізген. Козачковтың хабарлауынша, кәмелеттік жасқа толмаған жігітке тиіскен адам – Алмас Кішкенбаев.
Күдіктінің полици бөлімшесіне жеткізілгенін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Әкесінің кәмелеттік жасқа толмаған ұлына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүріп жатыр. К. есімді азамат барлық мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.