Сатылым көлемі артады деген болжамнан кейін Apple акциялары қымбаттады

Жарияланды
Apple акциялары
Apple акциялары 3%-ға қымбаттаған / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Нарықта Apple акцияларының құны артуда. Бұған компанияның саталымға қатысты позитивті болжамы әсер еткен.

Бұл болжамнан кейін Apple акциялары 3%-дан асқан. Компания өз есебінде алдағы уақытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізетінін мәлімдеген. Сарапшылар пікірінше, дәл осы ЖИ-ге қатысты мәлімдемесі инвесторлардың қызығушылығын оятқан.

Hargreaves Lansdown компаниясының қаржы және нарық бөлімінің басшысы Сюзанна Стритердің айтуынша, инвесторлар АІ-ге жұмсалған шығындарды ірі технологиялық компаниялардың қалай нақты табысқа айналдырғанын көірп отыр. Сол үшін Apple-дің жасанды зердеге баса назар аударуы инвесторлардың бұл салаға сенімділігін арттырып, акциялардың көтерілуіне әсер еткен.

Ал жасанды интеллекті саласына миллиардтаған доллар құйған Apple, АІ мүмкіндіктерін өзінің жаңа өнімдерін сатуға пайдалануды жоспарлап отыр.

«Apple Intelligence 2026 жылы iPhone сатылымының өсуін қалпына келтіру үшін тиісті шаралаар қабылдап, түрлі аймақтарда iPhone позициясын нығайтуға тырысып жатыр. Десе де, бұл нарықта Қытай басты ірі ойыншы болып қала береді», – деп жазады Morgan Stanley сарапшылары.

Ал ТD Cowen сарапшылары AI мүмкіндіктерін пайдалана бастаған соң, Қытайда Apple өнімдеріне сұраныс арту түсуі мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз