Қазақстан-Қытай шекарасындағы аляқтық. Прокуратура электронды кезек дұрыс берілмегенін анықтады
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек дұрыс берілмеген. Кеден жұмысынан Бас көлік прокуратурасы алаяқтық схемадарды анықтаған.
Көлік прокуратурасы кеден жұмысына талдау жүргізілген. Нәтижесінде Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек жұмысынан кемшіліктер анықталған.
««CarGoRuqsat» платформасы АКҚ тіркеместен кезекті формалды брондауға мүмкіндік берген, бұл бос слоттардың жетіспеушілігіне және көлеңкелі нарыққа әкеліп соқты», – делінген прокуратура хабарламасында.
Құзырлы органның талабымен электронды кезекті брондауға қатысты алаяқтық схема жойылып, өткізу бекетіндегі жүк көліктерінің қозғалысы реттелген. Сонымен бірге алаяқтық және жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында «Қорғас» кеден бекетінде бақылау процедурасы қайта қаралған. Ал адам факторының әсерін азайту үшін «КеденШЫХО» жүйесі іске қосылған.
Айта кетсек, 2025 жылы Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан шекарасында орналасқан 9 өткізу бекеті жөндеуден өтеді.